Вопросы и ответы
- Назым
- Жилищное право
- 17.05.2014
Сәлеметсізбе, Мен Масалимова Назым Зайсан қаласы бойынша тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне 2008 жылдың 23 қыркүйегінен бастап тұрған едім. Биыл 2014 жылы мені сол тізімнен шығарып тастады.Ол туралы хабарлаған да жоқ. Бұл жайында тек газеттен оқып білдік. Себебін анықтасақ былай деп жауап берді: Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 73 бабы 1-тармағының 4- тармақшасының сәйкес шығардық дейді. яғни, сіздің жолдасыңыздың атында бұрын жер учаскесі болыпты. тұрғын үйге мұқтаж болу үшін отбасы мүщелерінің әрқайсысында соңғы бес жылда жер учаскесі немесе үйі болмау керек дейді. Иа, расында менің жолдасым бойдақ кезінде жер учаскесін алып, оны мұқтаж болған соң 2011 жылы 20 июльде сатылыпты. Ол жерде сатып алған басқа азамат үй салып, домовойы бар өздері тұрып жатыр екен. Ал біз жолдасыммен отбасын 2011 жылы 31 шілдеде құрдық. Жоғарыдағы заң отбасы мүшелеріне тек отбасын құрған күннен бастап есептелу керек деп есептейміз. ЖКХ юристіне барсақ былай дейді: егер осы шешімді, заңның бабын өзгерте алатындай бір заң баптарын тауып акелсеңіз қайтадан өз кезегіңізге қойып береміз дейді. Сіздерден ЖКХ шешімін өзгерте алатындай көмек берсеңіздер деп өтінемін.
На это сообщение еще не было ни одного ответа.
Однако, Вы не можете отвечать на это сообщение.
Однако, Вы не можете отвечать на это сообщение.
-
«Пятничная» скидка
Скидки до 10%
Каждую пятницу скидка до 10% на все виды юридических услуг нашей компании.